Дефектолог мамандығы — ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды заманауи әлеуетке бейімдейтін мамандық — Республикалық білім порталы
Мырзахметова Мөлдір
Үш қасиет- кең көлемді білім, ойлай білу және
қайырымдылық сезім- адамның шын
мағынасындағы білімді болуы үшін қажет.
Н.Г. Чернышевский
Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашып, ержеткеннен кейін, тұлға болып қалыптасу үшін өмірден өз орнын табуға тиіс. Абай Хәкім айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»- деді емеспе. Осындай ғылым- білім, жаңа технология дамыған кезеңде әр сала бойынша ұстаздар мамандық иесі болуға жылдан- жылға жаңа мамандар дайындау үстінде. Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолындағы ең басты айшықты қадам. Жауапкершілікті керек етер бірден- бір маңызды, дұрыс шешім шығара білуді талап ететін күрделі де күрмеуі көп адам өміріндегі шоқтығы биік, сан- қырлары бар, ерігіне бой алдырып, өз қалауыңмен өз таңдауыңды жасайтын кезең болып табылады. Біз мамандық таңдар алдында адам өзінің ішкі жан дүниесін бағып көруі керек дегіміз келеді. Себебі әр баланың бір салаға жақын екендігін білдіретін бойында бейімдігі басым болады. Тамырың қайсыған иіледі, қай мамандықты сүйесің соған қарай бүйрек бұру қажет. Егер сен өз меңгерген салаңды сүйсең сенен тамаша маман шығатынына біз кәміл сенімдіміз.
Бақыт…… Бақыт ол – әр адамның өз жақындарының әрқашан жанынан табылуы, сүйікті мамандығының болуы. Біздің ойымызша дені сау адам да ерекше қамқорлықты қажет ететін жан да сүйікті ісі арқылы өмірде өз орнын табады. Ал, біз өзімізді бақытты жандармыз деген ойдамыз. Өз жүрек қалауымызбен мамандық таңдадық, ол дефектология мамандығы. Қарапайым халық дефектологпын десең түсінбей жатады. Дефектология мамандығы, яғни дефектология ғылымы — мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту мен тәрбиелеумен айналысады. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, өмір атты асау арғымақтың тулауына шарасыздан көніп, пешенесіне жазылған жазуға еріксіз байланған ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға қол ұшын берер мейірбандыққа ұмтылған салаға таңдауымыз түсіп, өмір жолымызды, бар күш- қайратымызды арнауға білек сыбанып, бел буып отырмыз.
Қазіргі заманда әлемдік жаһанданудағы қоғамда, ондағы қарым- қатынастар да біршама өзгеріске ұшыраған. Соған байланысты жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында ғана ғылым болып қалыптасқан «Дефектология» мамандығы әлеуметтік ортада өз орнымен маңыздылығы бойынша айқындалып үлгерді. Дефектология жас ғылымдардың қатарында, соған қарамастан бұл ғылымның көптеген жаңалықтары бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы мектептер жүйесі орын алған.

Бұрын мұндай жандарды кемсітіп, сайқы- мазаққа айналдырса, қазіргі уақыттаерекше қамқорлықты қажет ететін мұндай балаларға ерекше көңіл бөліп, қалыпты адам қатарына қосып, сый- құрмет көрсететін болды. Біз өз тарапымыздан осындай ерекше жандарға, олардың бейімделуіне өз үлесімізді қоссақ дейміз. Дефектология ғылымының одан әрі өркендеуі осы жас дефектолог мамандарының қолында. Бұл ғылымның ашылмаған сырлары өте көп, осы сырларды біздің ашқанымыз жөн болар. Сондықтанда әр дефектолог маман өз мойнында қандай ауыр жауапкершіліктің тұрғанын ұмытпағаны жөн болар. Біз адам баласын ең қиын өмір жолында дұрыс жол сілтеп, қателікке бой алдырмауымыз керек. Бұл балаларға бар күш- жігер, ынтамызды жұмсап Қазақстан Республикасының жақсы азаматы етіп тәрбиелеп шығу біздің мақсатымыздың бірі екенін ұмытпағанымыз дұрыс.
Сөзіміздің соңын Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы Мейіржан Әлібековтың «Тәубеңе кел» атты өлеңімен аяқтасақ :
Ардан биік секілденіп арманың,
Таудай биік секілденіп талғамың.
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді,
Сынағына шыдай алмай Алланың.
Ай мен күнге өптірі кеп шекеңді,
Көлгірсисың көрмедім деп шетелді.
Тәубәңә кел шетел тұрмақ зағиптар,
Көре алмайды өзі туған мекенді.
Қошеметті көрмесеңіз несі бар,
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал.
Жылы сөзді естімеген кезіңде,
Керең болып туғандарды есіңе ал.
Тәубәңә кел пенде болсаң несі бар,
Бар жағдайды ақылыңмен шешіп ал.