Личные окончания-1 | kaz-tili.kz
1. Личные окончания-1
Автор: Татьяна Валяева
Звук : Камария Оразаева
Таблица окончаний:
1 Мен Біз | мын / мін (бын / бін, пын / пін) мыз / міз (быз / біз, пыз / піз) |
2 Сен Сендер Сіз Сіздер | сың / сің сыңдар / сіңдер сыз / сіз сыздар / сіздер |
3 Ол, Олар | |
Выучить эти окончания несложно, так как прослеживается взаимосвязь в написании местоимения и окончания:
мен мінбіз міз
сен сің
сіз сіз
Достаточно выучить только это, всё остальное добавляется путём логических размышлений.
1) В первом лице, когда говориться ‘я‘ (мен), окончания ‘мын/мін’, в зависимости от твёрдости или мягкости слова:
Мен дәрігермін. Я врач. Мен мұғаліммін. Я учитель.Мен үлкенмін. Я большой. Мен баймын. Я богатый.
Мен екіншімін. Я второй. Мен тыңдаушымын. Я слушатель.
Мен әншімін. Я певец. Мен орынбасармын. Я заместитель.
Мен оның досымын. Я его друг. Мен осындамын. Я здесь.
Мен Ресейденмін. Я из России. Мен Қазақстаннанмын. Я из Казахстана.
Мен он тоғыздамын. Мне 19 лет. Мен жиырма екідемін. Мне 22 года.
Мен дүкендемін. Я в магазине. Мен жұмыстамын. Я на работе.
В таблице личных окончаний, в скобках, указано, что в первом лице единственного числа могу добавляться также окончания ‘бын/бін’ и ‘пын/пін’. Правила присоединения этих окончаний как в творительном падеже имён существительных, то есть после звонких согласных ‘ж з’ следуют “звонкие окончания” ‘бын/бін’:
Мен Оразбын. Я Ораз. Мен қызбын. Я девочка.Мен жұлдызбын. Я звезда. Мен жалғызбын. Я одинокий.
Мен сіздің көмекшіңізбін. Я ваш помощник.
После глухих согласных окончания ‘пын/пін’:
Мен жаспын. Я молодой. Мен студентпін. Я студент.Мен бастықпын. Я начальник. Мен ұшқышпын. Я лётчик.
Мен орыспын. Я русский. Мен қазақпын. Я казах.
В отрицательной форме личные окончания преходят к отрицанию емес.
В первом лице единственного числа к ‘емес’ присоединяется личное окончание ‘пiн’:
Мен ғалым емеспін. Я не учёный. Мен бай емеспін. Я не богатый.
Мен оның досы емеспін. Я не его друг. Мен Ресейден емеспін. Я не из России.
Мен он тоғызда емеспін. Мне не 19 лет. Мен жұмыста емеспін. Я не на работе.
Біз жақсымыз. Мы хорошие. Біз дәрігерміз. Мы врачи.
Біз әдемiміз. Мы красивые. Біз әншіміз. Мы певицы.
Біз бiрiншiміз. Мы первые. Біз тыңдаушымыз. Мы слушатели.
Біз дүкендеміз. Мы в магазине. Біз жұмыстамыз. Мы на работе.
В таблице также указано, что в первом лице множественного числа могут добавляться окончания ‘быз/біз’ и ‘пыз/піз’.
Окончания ‘быз/біз’ следуют не только после звонких ‘ж з’, но и после сонорных ‘м н ң’:
Біз мұғалімбіз. Мы учителя. Біз Астанаданбыз. Мы из Астаны.
Біз Ресейденбіз. Мы из России. Біз Қытайданбыз. Мы из Китая. После глухих согласных окончания ‘пыз/піз’: Біз жаспыз. Мы молодые. Біз студентпіз. Мы студенты.
Біз қонақпыз. Мы гости. Біз таныспыз ба? Мы знакомы?
Біз боспыз. Мы свободны. Біз орыспыз. Мы русские.
Біз қазақпыз. Мы казахи. Біз әріптеспіз. Мы коллеги.
В отрицательной форме к отрицанию ‘емес’ присоединяется личное окончание ‘піз’:
Біз дәрігер емеспіз. Мы не врачи. Біз егіз емеспіз. Мы не близнецы.Біз бос емеспіз. Мы не свободны. Біз таныс емеспіз. Мы не знакомы.
Біз әріптес емеспіз. Мы не коллеги. Біз орыс емеспіз. Мы не русские.
Біз бірінші емеспіз. Мы не первые. Біз Астанадан емеспіз. Мы не из Астаны.
Для того, чтобы запомнить правила присоединения личных окончаний первого лица, можно обратиться к Общей таблице окончаний, которую мы изучили в разделе Существительные, и дополнить её. В единственном числе (Мен) правила такие же, как в творительном падеже, а во множественном числе (Біз), как в правилах с отрицательными суффиксами:
2) Во втором лице в единственном числе ‘ты‘ (сен) добавляются окончания ‘сың/сің’, причём здесь уже неважно на какие буквы заканчивается слово, к которому добавляются эти окончания, главное не забывать, что твёрдое окончание следует после твёрдого слога и мягкое окончание после мягкого слога:
Сен оқушысың. Ты ученик. Сен дәрігерсің. Ты врач.Сен қонақсың. Ты гость. Сен өте жақсы әншісің. Ты очень хороший певец.
Сен Ресейденсің. Ты из России. Сен Қытайдансың. Ты из Китая.
Сен оның ұлысың. Ты его сын. Сен кімсің? Ты кто такой?
Сен боссың ба? Ты свободен? Сен қуаныштысың ба? Ты рад?
Сен қанша жастасың? (Сен қаншадасың? Сен нешедесің?) Тебе сколько лет?
Сен шыдамды емессің. Ты не терпеливый. Сен бастық емессің. Ты не начальник.
Во множественном числе ‘вы‘ (сендер) окончание тоже должно быть “множественным”, поэтому логично, что добавляются не просто ‘сың/сің’, а ‘сыңдар/сіңдер’:
Сендер оқушысыңдар. Вы ученики. Сендер дәрігерсіңдер. Вы врачи.Сендер шыдамдысыңдар. Вы терпеливые. Сендер әншісіңдер. Вы певцы.
Сендер кімсіңдер? Вы кто такие? Сендер боссыңдар ма? Вы свободны?
Сендер жалқау емессіңдер. Вы не лентяи. Сендер заңгер емессіңдер. Вы не юристы.
В уважительной форме ‘Вы‘ (сіз) окончания ‘сыз/сіз’:
Сіз дәрігерсіз. Вы врач. Сіз қонақсыз. Вы гость.Сіз көмекшісіз. Вы помощник. Сіз бас мамансыз. Вы главный специалист.
Сіз Ресейденсіз. Вы из России. Сіз қай жерденсiз? Вы из какой местности?
Сіз нешедесіз? Вам сколько лет? Сіз дүкендесіз бе? Вы в магазине?
Сіз суретші емессіз. Вы не художник. Сіз бірінші емессіз. Вы не первый.
Во множественном числе окончания ‘сыздар/сіздер’:
Сіздер қонақсыздар. Вы гости. Сіздер қызметкерсіздер. Вы сотрудники.Сіздер көршісіздер. Вы соседи. Сіздер жақсысыздар. Вы хорошие.
Сіздер жұмыстасыздар ма? Вы на работе? Сіздер таныссыздар ма? Вы знакомы?
Сіздер жалқау емессіздер. Вы не лентяи. Сіздер заңгер емессіздер. Вы не юристы.
Во множественном числе если слова имеют обобщающее значение, то окончания множественного числа перед Личными окончаниями не добавляются. Если же слова имеют конкретное значение, то сначала к основе слова добавляются окончания множественного числа, а затем Личные окончания, например:
Біз заңгерлерміз. Мы юристы. Сендер дәрігерлерсіңдер. Вы врачи. Во втором лице единственного и множественного числа вопросительные частицы ‘ба/бе, па/пе, ма/ме’ могут изменяться на ‘бы/бі, пы/пі, мы/мі’, в этом случае они присоединяются к слову перед личными окончаниями:Сен орыспысың? Ты русский? (Сен орыссың ба?)
Қазақпысыздар? Вы казахи? (Қазақсыздар ма?)
Енді ризамысыз? Теперь Вы довольны? (Енді ризасыз ба?)
Әзірмісіңдер? Вы готовы? (Әзірсіңдер ме?)
Роза, бұл сенбісің? Роза, это ты? (Роза, бұл сенсің бе?)
3) Во третьем лице окончаний нет (Ура, ничего учить не надо!):
Ол оқушы. Он ученик. Олар дәрігер. Они врачи.Қайрат ақылды. Кайрат умный. Ол мейрімді адам. Он добрый человек.
Олар Ресейден. Они из России. Ол Қытайдан. Он из Китая.
Ол жұмыста. Она на работе. Әкем заңгер. Мой отец юрист.
Ол жас емес. Он не молодой. Олар бос емес. Они не свободны.
Таблицы с примерами:
|
Отрицание:
|
По данной теме:
© Татьяна Валяева 20072018
http://kaz-tili.kz/
www.kaz-tili.kz
«МЕН – СТУДЕНТПІН» — “Алматы-ақшамы” қоғамдық-саяси газеті
Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ
Биылғы оқу жылында Алматы қаласындағы студент-жастардың қатарын жаңадан оқуға түскен 32 678 білімпаз жас толықтырса, олардың қатарында қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Алматы медицина колледжінің студенті мәртебесіне ие болған жастар да бар. Болашақ орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын осы оқу орнын таңдаған жастар өздерінің студенттер қатарына қабылданғандарын салтанатты түрде атап өтті.
«Мен – студентпін» деп аталған бұл мәдени іс-шараға Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова және қаламыздағы барлық емдеу мекемелерінің басшылары қатысып, болашақ ізбасарларын жастық шақтың ең ұмытылмас кезеңі болып саналатын – студент болуымен, студенттік шақтың басталуымен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.
Өзінің отыз төрт жылдық тарихында орта буынды медицина қызметкерлерін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы алғашқы медициналық көмек көрсетудің бар жауапкершілігі мойындарына жүктелген мейірбикелер дайындау ісінде көш бастап келе жатқан бұл оқу орны қазіргі таңда базалық және дипломнан кейінгі білім беру ісінің үйлестіруші орталығы болып саналады. Биылғы жаңа оқу жылын жаңа оқу корпусында қарсы алған қалалық медицина колледжінде студенттердің сапалы білім алып, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруларына барлық жағдайлар жасалған. Оқу орнында симуляциялық оқыту орталығы орналасса, бұл колледж республика бойынша «Емдеу ісі» бойынша оқытудың оқу-әдістемелік орталығы, мейірбике ісін дамыту мен мейірбикелердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығы болып саналады. Алматы қаласындағы емдеу мекемелеріндегі мейірбике ісінің аудиті мен мониторингі ісін дамытуда да колледж ұжымының атқарып отырған жұмысы аз емес. Сонымен қатар, колледж алыс-жақын шет елдердегі, атап айтсақ, Голландиядағы Амстердам академиялық орталығының, Вильнюс медицина университетінің, Литваның Клапейда қаласындағы медициналық оқу орнының, Германияның орта буынды медицина қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орната білген. Ал биылғы оқу жылынан бастап, Денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетуінің нәтижесінде дуальды оқыту технологиясын қолға алып отыр. Биылғы жылы бюджет есебінен колледжге 196386 миллион теңге бөліну қарастырылса, жылдың тоғыз айының ішінде қазынадан бөлінген 143244,4 миллион теңге қаражат өз мақсаттарына тиімді жұмсалуда. Колледждің қызметін дамыту мен модернизациялау мақсатында Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа бес қабатты ғимарат сатып алып берді. Басқарманың бұл қолдауы отыз төрт жылдан бері ғасырдан астам тарихы бар шағын ғимаратта орналасқан колледж ұжымының еңселерін көтеріп, білім беруге деген құштарлықтарын одан әрі арттыра түсті. Оны бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кештен айқын аңғардық. Үш тілде жүргізілген кеш келушілердің көңілінен шығып, жастарға деген сенімдері арта түсті. Кеш барысында болашақ ақ желеңді абзал жандар медицина пірі саналатын Гиппократ пен ибн Синаға, мейірбикелердің пірі Флоренс Найтингельдің атына ант берді. Кеш барысында қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова бірінші курстықтарға білім кілтін табыс етті. Ал студенттердің білімінің айнасы – студенттің сынақ кітапшасын бірінші курстықтарға болашақ жұмыс беруші – қаламыздағы емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлері табыс етті. Кешті колледж директоры Ақмира Садықова қорытындылап, медицина қызметкері болсам деген арманын арқалап келген бірінші курс студенттеріне өзінің жүрекжарды лебізін жолдады.
almaty-akshamy.kz
«МЕН – СТУДЕНТПІН» — “Алматы-ақшамы” қоғамдық-саяси газеті
Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ
Биылғы оқу жылында Алматы қаласындағы студент-жастардың қатарын жаңадан оқуға түскен 32 678 білімпаз жас толықтырса, олардың қатарында қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Алматы медицина колледжінің студенті мәртебесіне ие болған жастар да бар. Болашақ орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын осы оқу орнын таңдаған жастар өздерінің студенттер қатарына қабылданғандарын салтанатты түрде атап өтті.
«Мен – студентпін» деп аталған бұл мәдени іс-шараға Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова және қаламыздағы барлық емдеу мекемелерінің басшылары қатысып, болашақ ізбасарларын жастық шақтың ең ұмытылмас кезеңі болып саналатын – студент болуларымен, студенттік шақтың басталуымен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.
Өзінің отыз төрт жылдық тарихында орта буынды медицина қызметкерлерін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы алғашқы медициналық көмек көрсетудің бар жауапкершілігі мойындарына жүктелген мейірбикелер дайындау ісінде көш бастап келе жатқан бұл оқу орны қазіргі таңда базалық және дипломнан кейінгі білім беру ісінің үйлестіруші орталығы болып саналады. Биылғы жаңа оқу жылын жаңа оқу корпусында қарсы алған қалалық медицина колледжінде студенттердің сапалы білім алып, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруларына барлық жағдайлар жасалған. Оқу орнында симуляциялық оқыту орталығы орналасса, бұл колледж республика бойынша «Емдеу ісі» бойынша оқытудың оқу-әдістемелік орталығы, мейірбике ісін дамыту мен мейірбикелердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығы болып саналады. Алматы қаласындағы емдеу мекемелеріндегі мейірбике ісінің аудиті мен мониторингі ісін дамытуда да колледж ұжымының атқарып отырған жұмысы аз емес. Сонымен қатар, колледж алыс-жақын шет елдердегі, атап айтсақ, Голландиядағы Амстердам академиялық орталығының, Вильнюс медицина университетінің, Литваның Клапейда қаласындағы медициналық оқу орнының, Германияның орта буынды медицина қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орната білген. Ал биылғы оқу жылынан бастап, Денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетуінің нәтижесінде дуальды оқыту технологиясын қолға алып отыр. Биылғы жылы бюджет есебінен колледжге 196386 миллион теңге бөліну қарастырылса, жылдың тоғыз айының ішінде қазынадан бөлінген 143244,4 миллион теңге қаражат өз мақсаттарына тиімді жұмсалуда. Колледждің қызметін дамыту мен модернизациялау мақсатында Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа бес қабатты ғимарат сатып алып берді. Басқарманың бұл қолдауы отыз төрт жылдан бері ғасырдан астам тарихы бар шағын ғимаратта орналасқан колледж ұжымының еңселерін көтеріп, білім беруге деген құштарлықтарын одан әрі арттыра түсті. Оны бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кештен айқын аңғардық. Үш тілде жүргізілген кеш келушілердің көңілінен шығып, жастарға деген сенімдері арта түсті. Кеш барысында болашақ ақ желеңді абзал жандар медицина пірі саналатын Гиппократ пен ибн Синаға, мейірбикелердің пірі Флоренс Найтингельдің атына ант берді. Кеш барысында қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова бірінші курстықтарға Білім кілтін табыс етті. Ал студенттердің білімінің айнасы – студенттің есеп кітапшасын бірінші курстықтарға болашақ жұмыс беруші – қаламыздағы емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлері табыс етті. Кешті колледж директоры Ақмира Садықова қорытындылап, медицина қызметкері болсам деген армандарын арқалап келген бірінші курс студенттеріне өзінің жүрекжарды лебізін жолдады.
almaty-akshamy.kz